Құрылғы тегін жою

Егер тег құрылғыға бағдарлама немесе Желілік агент арқылы тағайындалса, бұл тегті қолмен жоя алмайсыз. Бұл жағдайда, құрылғыдан тағайындалған тегті жою үшін klscflag утилитасын пайдаланыңыз.

Тегті жойғыңыз келетін клиент құрылғысында klscflag утилитасын іске қосу керек екенін ескеріңіз.

klscflag утилитасының көмегімен құрылғыдан тегті жою үшін:

  1. Әкімші құқықтары бар Windows пәрмен жолын іске қосыңыз, содан кейін ағымдағы каталогті klscflag утилитасы бар каталогке өзгертіңіз. klscflag утилитасы Басқару серверінің орнату қалтасында орналасқан. Әдепкі бойынша орнату жолы: <Диск>:\Program Files (x86)\Kaspersky Lab\Kaspersky Security Center.
  2. Келесі пәрменді енгізіңіз:

    klscflag -ssvset -pv 1103/1.0.0.0 -s KLNAG_SECTION_TAGS_INFO -n KLCONN_HOST_TAGS -sv "[]" -svt ARRAY_T -ss "|ss_type = \"SS_PRODINFO\";"

  3. Желілік агент қызметін қайта іске қосыңыз.

Тег құрылғыдан алып тасталады.

Басына оралу